О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
Онкогинеколог облыс тұрғындарына тікелей эфирде ақпарат берді

Алматы аймақтық көпсалалы клиника директорының орынбасары, профессор, м.ғ докторы, онкогинеколог Шалбаева Раш Шарипбайқызы Жетісу телеарнасындағы «Дәрігер кеңесі» бағдарламасында онкологиялық аурудың алдын алу, емдеу туралы облыс тұрғындарына тікелей эфирде ақпарат берді.

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасы бойынша Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай Қазақстанның барлық аймағында Ашық есік күні өтеді.

Аталған клиникада 6 ақпан күні сағат 9:00-14:00 аралығында облыс тұрғындары тегін міндетті онкоскринингтен өтіп, дәрігер кеңесін алуға болатынын естеріңізге саламыз.

Жыл сайын Қазақстанда 36 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 180 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан 14 мыңға жуық адам көз жұмады.

Ссылка на старый сайт