О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде Грузиядан келген атақты хируруг шеберлік сағатын өткізді

Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде Грузиядан келген атақты хируруг шеберлік сағатын өткізді

Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде Тбилиси мемлекеттік медициналық университетінің вице-ректоры, университеттегі алғашқы клиниканың онкология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Ираклий Джимшерович Кохреидзе шеберлік сағатын өткізді. Атақты хируруг соңғы он жылда Қазақстанның онколог мамандарымен тығыз байланыс орнатып, жиі тәжірибе алмасып тұрады. Оның айтуынша, қазіргі кезде онколог-хируругтардың басты мақсаты аурудың алдын алумен қатар адам дене мүшесінің зақымданғанына қарамастан оны сақтап қалу үшін аянбай  еңбек ету. Ираклий Кохреидзе диспансер дәрігерлерінің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, үлкен құрметпен қарайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Мадрид онкологиялық институтының PhD докторы, радиациялық онколог Майя Джугашвили Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінің дәрігерлеріне «Онкологиялық науқастарды микроконутритивті қолдау» тақырыбында лекция оқып, онкологиялық ауруға шалдыққандардың имунитетін көтеру үшін «онкоксин» препаратын қолдануға кеңес берді.   

Ссылка на старый сайт