Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өтті
Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті. 26 қаңтар күні өткен ашық есік күні 109 әйел скрининг тапсырды. Нәтижесінде бір әйелден жатыр мойны обырының белгілері байқалып, толық тексерілуге жіберілді. Ал скрининг тапсырған 41 әйелден рак ауруының алғашқы белгілері байқалған.
Жатыр обыры әйелдердің өмір жасының ұзаруымен де байланысты пайда болады. Себебі жатыр эндометриясы обыры етеккір үзілісі кезеңінде кездеседі. Жатыр обырының пайда болуына негізінен гормоналдық бұзылулар, эстрогеннің жоғарылауы себеп болады.
Негізгі факторлары:
· Эндометрия гиперплазиясы
· Семіздік
· Қант диабеті
· Бедеулік
· Кеш басталған етеккір үзілісі (менопауза)
· Аналық без ісіктері
· Тұқымқуалаушылық
· Сүт безі обырын емдеу кезінде томаксифенді қолдану болып табылады.
Кейде әйелде етеккір функциясы сақталып, бірақ етеккірдің ұзақ әрі ағыл-тегіл келуі мазасыздандырып, етеккірдің келуінің өзі тұрақсыз сипатқа ие болған кезде ауру белгілері байқала бастайды.
Алғашқы белгісі жыныс жолдарынан қан аралас немесе сулы-іріңді шығындылардың бөлінуі мүмкін. Ісіктердің қуыққа қарай өсуі кезінде дизуриялық құбылыс және зәрде қан пайда болады.