Денсаулық сақтау салаласына сіңірген еңбегі үшін тағайындалған марапатты дәрігерлерге Денсаулық сақтау басшысы Бауыржан Ысқақ табыстады.
Онкология саласында 20 жылдан бері қызмет жасап келе жатқан Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар денсаулық саласында 40 жылдан астам еңбек еткен зейнеткерлер «Еңбек ардагері» медалімен, 30 жылдан астам уақыт үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан мамандар «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және « Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.