2019 жылдың 27 шілде күні Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде асқазан, ішек жолдарында пайда болатын қатерлі дерттің алдын алу мақсатында ашық есік күні өтеді.
Асқазан, ішек жолдарындағы ауру белгілері: іштің ауруы, тамаққа тәбеттің өзгеруі, кекіру, қыжылдау, лоқсу, құсу, іштің кебуі, нәжістің кідіріп қалуы, іштің өтуі.
Дерттен сақтанудың бірден бір жолы- зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану мен қатар дер кезінде дәрігер тексеруінен өту екенін естеріңізге саламыз.