COVID-19#BIZBIRGEMIZ# Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың қызметкерлеріне Қазақ ұлттық медицина университетінің 1996 жылғы түлектері төтенше жағдай кезеңінде жұмыс жасап жатқан дәрігер әріптестеріне бір апта бойына арнайы тапсырыспен тамақ жеткізіп тұрды. Осылайша университет түлектері қиын кезеңде бір-біріне қолдау көрсете білді. Аталған клиниканың директоры Саяхат Олжаев: -Дәл қазіргі кезеңде барлық жауапкершілік дәрігерлердің мойнында. Жауапкершілікті жете түсінгендіктен біздің қызметкерлер күні-түні кезекпен жұмыс жасауда. Дәрігерлер майданның бірінші шебінде жүр деп айтсақ қателеспейміз. Әлемге таралған вирустың әсіресе, иммунитеті әлсіз, онкологияға шалдыққан адамдарға жұғу қаупі жоғары. Сондықтан барынша сақтық шараларын жасап жатырмыз. Әріптестерімізге біздің клиника қызметкерлері атынан алғысымды білдіремін,-деді.