О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
Қазақ ұлттық медицина университеті Түлектер күнін атап өтті

Түлектер күніне медицина саласының дамуын үлес қосып жүрген майталман дәрігерлер мен ғалымдар қатысты.
Осы білім ордасынан түлеп ұшқан Алматы аймақтық көпсалалы клиника директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлы “ Университет мақтанышы” марапатына ие болды. Марапатты университет ректоры Марат Шоранов табыстады.
Сонымен қатар 120 дәрігерге
“Үздік түлек” марапаты берілді.

Марапат иелері арасында:
* көздің мүйізгек қабығына күрделі операциялар жасайтын офтальмохирург,
* 6000-нан астам сәтті операция жасаған балалар ортопеді,
* халықаралық зертханалық диагностика стандарттарын енгізген сарапшы,
* еліміздің батысында ең ірі жекеменшік стоматология желісін құрған тіс дәрігері бар.
Аталған шара Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ссылка на старый сайт