О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93

Президент дәрігерлерге қолдау танытты

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры Олжаев  Саяхат Таурбекұлы:

«Әлемде медицина саласы күн санап дамып келеді. Алайда әлемдік пандемия медицина ғылымын баса назарда ұстау керектігін көрсетті.  Президент Қ. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында «Дәрігерлердің айлығы 2023 жылға дейін орташа жалақыдан екі жарым есеге артық болуы керек. Алдағы 5 жылда медициналық мекемелер қажетті техникамен 100 пайыз қамтылады,-деді.  Бұл шешім  медицина саласына жаңа кадрларды тартуға соның ішінде ауыл аймақтардағы медицина мамандарының тапшылығын жоюға және қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектесетіні сөзсіз. Демек, медициналық мекемелер барлық қажетті техникамен қамтамасыз етілсе, науқастың диагнозын анықтауда, нақты шешім қабылдауда мүмкіндіктер артады. Мысалы, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада 2018 жылы қатерлі ісікті ерте анықтау орталығы іске қосылған болатын. Бұл орталық облыс орталығынан алыс орналасқан 13 медициналық мекемені цифрлық жүйе арқылы біріктіреді. Яғни, ауруды ерте анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дәрігерлердің жалақысы көбейіп, материалдық жағдайының жақсаруы жалпы денсаулық сақтау жүйесінің  дамуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Сонымен қатар президент дәрігерлік қателік үшін қолданыстағы жазаны қылмыстық іс санатынан алып тастауға ұсыныс жасады. Бұл дәрігерлердің жұмысына жауапкершікпен қарап, бар ынта-жігерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Медицина саласындағы мамандардың тапшылығын ескерсек, бұл қадам жас буынның осы салаға бет бұруына септігін тигізеді».

 

Ұйғыр ауданының тұрғындары колоректальды скринингтен өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары Ұйғыр ауданының тұрғындарын  колоноскопиялық тексеруден өткізді. Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында жүргізілген тексеруден жасы 50-ден асқан тұрғындар өтеді. Өйткені стандартты зертханалық диагностика ішектің көптеген ауруларын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ағзада болатын кейбір маңызды патологиялық процестерді анықтау үшін колоноскопиялық тексеру жүргізу қажет. Колоноскопиялық тексеруден өткен Ұйғыр ауданының бірқатар тұрғындары клиниканың дәрігерлеріне алғысын білдірді.

Сонымен қатар тұрғындар маммолог,онкогинеколог және ультрадыбыстық зерттеу жасайтын мамандардың тексеруінен өтіп, кеңес алды.

Сотрудников Алматинской региональной многопрофильной клиники обеспечили средствами индивидуальной защиты

Казахстанская ассоциация паллиативной помощи, благодаря гранту Фонда «Сорос-Казахстан обеспечили защитными средствами сотрудников Алматинской региональной многопрофильной клиники.

В данную клинику доставлено 100 одноразовых защитных комбинезонов, 5000 одноразовых масок, 1000 одноразовых халатов, 500 масок высокой степени защиты FFP3, 50 лицевых защитных экранов и 50 кг водорастворимого дезинфекционного средства.

«За 8 лет партнёрства КАПП и Фонда Сорос-Казахстан (ФСК) удалось реализовать целый ряд важных, полезных и новых для Казахстана проектов, начиная от создания мобильных бригад по оказанию паллиативной помощи на дому неизлечимым пациентам, обучения специалистов, и заканчивая созданием национального сообщества лиц и организаций, продвигающих теорию и практику паллиативной помощи в стране! Мы очень рады, что ФСК в этот тяжёлый момент оказывает мощную поддержку медицинскому сообществу и другим уязвимым группам населения. Спасибо!», — сказала президент КАПП Гульнара Кунирова.

Директор Алматинской региональной многопрофильной клиники Саяхат Олжаев поблагодарил организаторов от имени сотрудников клиники. Кроме того, по словам директора данной клиники, мобильные бригады, созданные в Илийском и Енбекшиказахском районах по инициативе и поддержке Гульнары Кунировой, оказывают паллиативную помощь населению.

#Birgemiz #TogetherAgainstCancer

Құттықтау

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры 12 мамыр – халықаралық мейірбикелер күнімен құттықтады.

 

«Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері елімізде жыл сайын 12 мамырда мейірбикелер күні ресми түрде аталып өтеді. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында жаралы жауынгерлерге шұғыл медициналық көмек көрсеткен мейірбикелер мен фельдшерлер қатары аз болған жоқ.

Сондықтан дәрігердің қызметі медбикенің біліміне, өз ісіне деген ынта-жігеріне, шыдамдылығына, біліктілігіне байланысты. Олар қай кезде де жеке басының мәселесін емес, науқастарға көмектесуді алдыңғы кезекке қояды.

Сіздерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғысым шексіз. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін!» деді.

Дәрігерлерге қолдау танытты

COVID-19#BIZBIRGEMIZ# Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың қызметкерлеріне Қазақ ұлттық медицина университетінің 1996 жылғы түлектері төтенше жағдай кезеңінде жұмыс жасап жатқан дәрігер әріптестеріне бір апта бойына арнайы тапсырыспен тамақ жеткізіп тұрды. Осылайша университет түлектері қиын кезеңде бір-біріне қолдау көрсете білді. Аталған клиниканың директоры Саяхат Олжаев: -Дәл қазіргі кезеңде барлық жауапкершілік дәрігерлердің мойнында. Жауапкершілікті жете түсінгендіктен біздің қызметкерлер күні-түні кезекпен жұмыс жасауда. Дәрігерлер майданның бірінші шебінде жүр деп айтсақ қателеспейміз. Әлемге таралған вирустың әсіресе, иммунитеті әлсіз, онкологияға шалдыққан адамдарға жұғу қаупі жоғары. Сондықтан барынша сақтық шараларын жасап жатырмыз. Әріптестерімізге біздің клиника қызметкерлері атынан алғысымды білдіремін,-деді.

«Lider.kz » волонтерское движение оказало социальную помощь врачам клиники

Сегодня в Алматинской региональной многопрофильной клинике «Lider.kz » волонтерское движение доставило медицинские маски, продукты питания, гигиенические средства в поддержку врачей, работающих в условиях карантина. «Lider.kz » волонтерское движение на странице фейсбук призвало всех представителей общественности поддержать врачей.

«Огромное спасибо героям, находящимся на линии фронта пандемии коронавирусной инфекции COVID-19. 🙌 ⠀📎В то время как многие из нас пытаются выяснить, как максимально избежать людей, для избежания заражения, медики готовятся к битве и бросаются в огонь. Люди, которые работают в клиниках, больницах и учреждениях по уходу, являются смелыми героями этой всемирной истории, сознательно подвергая себя риску спасения жизней. ⠀🤝Давайте поддержим наших медиков и поблагодарим за их проделанную работу!»

Волонтерское движение Lider оказало социальную помощь врачам клиники

Сегодня в Алматинской региональной многопрофильной клинике «Lider.kz » волонтерское движение доставило медицинские маски, продукты питания, гигиенические средства в поддержку врачей, работающих в условиях карантина. «Lider.kz » волонтерское движение на странице фейсбук призвало всех представителей общественности поддержать врачей.

«Огромное спасибо героям, находящимся на линии фронта пандемии коронавирусной инфекции COVID-19. В то время как многие из нас пытаются выяснить, как максимально избежать людей, для избежания заражения, медики готовятся к битве и бросаются в огонь. Люди, которые работают в клиниках, больницах и учреждениях по уходу, являются смелыми героями этой всемирной истории, сознательно подвергая себя риску спасения жизней. Давайте поддержим наших медиков и поблагодарим за их проделанную работу!»

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада карантинге байланысты жаңа ережелер енгізілді

      Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 16-тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Covid -19» коронавирусының таралуына байланысты бүкіл елде төтенше жағдай жариялады.

Қауіпсіздік шаралары аясында президент карантин енгізіп, ауқымды санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді тапсырды.⠀Осыған орай коронавирустың таралуын тоқтату және алдын алу мақсатында Алматы аймақтық көпсалалы клиникада жаңа ережелер енгізілді.


1. Төтенше жағдай кезінде клиникаға бөгде адамдар  мен көліктің кіруіне тыйым салынды.

2. Емделушінің туыстары тамақ пен жеке заттарды тек бақылау пунктіндегі клиниканың қызметкерлері арқылы бере алады. Қабылдау уақыты тәулігіне 1 рет сағат 16-19 аралығында жүргізіледі.⠀

3. Ауруханаға жатар кезде жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері бар пациенттер фильтр арқылы өтеді. Онда аурудың себептері, диагнозы анықталады. Сонымен қатар басқа пациенттермен байланыс болмауын қадағалайды. 

4. Пациенттердің туыстары емдеуші дәрігермен ұялы телефон арқылы немесе клиниканың  бақылау пунктіндегі телефон бойынша сағат 16-17 аралығында хабарлауына болады.

      5. Стационарлық емде жатқан пациенттерге темекі тартуға тыйым салынады.

      6. Клиника аумағында пациенттердің серуендеуіне сағат 19.00-ға дейін рұқсат етіледі. Оларға клиниканың аумағынан шығуға және басқа адамдармен байланыста болуына тыйым салынады.

      7. Емханаға мамандардың қабылдауына жазылған пациенттерге ғана кіруге рұқсат етіледі.

      8. Бірге ілесіп келген адамдар карантин кезінде бақылау өткізу пунктінде күтетін болады.

Әр адамның денсаулығын коронавирустан сақтау үшін енгізілген жаңа ережелерге түсіністікпен қарауға шақырамыз!

Уважаемые жители Алматинской области!

28 февраля 2020 года в Алматинской региональной многопрофильной клинике состоится День открытых дверей, посвященный Дню благодарности 1 марта. День открытых дверей, который проводится в целях профилактики онкологических заболеваний, жители Алматинской области смогут пройти обследование врачей и получить ответы на волнующие вопросы.
Напомним, что профилактика и раннее выявление онкологических заболеваний-это скрининг.

Клиникада ашық есік күні өтті

2020 жылдың 8 ақпан күні Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күніне орай қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте сатысында анықтау мақсатында ашық есік күні өтті. Осыған орай 177 облыс тұрғыны онколог мамандардан тегін медициналық кеңес алып, тексеруден өтті. Оның ішінде 5 адамнан қатерлі ісік аурының белгілері анықталса, обырдың алғашқы сатысы анықталған 12 адам толық тексеруге жіберілді. Сонымен қатар онкологтар өзге де аурулар бойынша 83 адамды жекелеген мамандардың тексерілуінен өтуге кеңес берді.

 

Қатерлі ісік ауруының алдын алу жолдары:

·         Темекі өнімдерінен (түтінді-түтінсіз), қорқордан (кальян), алкогольден түбегейлі бас тарту;

·         Биологиялық нормаңыздан тыс салмақ қоспау;

·         Құрамында жеміс пен көкөніс бар тамақ жеу;

·         Инфекция жұқтыратын кез келген жыныстық қатынастан тыйылу;

·         Гепатиттен немесе канцерогендік инфекцияларға қарсы вакцинация қабылдау;

·         Таза ауада жиі сейілдеу;

Страница 13 из 20
1 11 12 13 14 15 20
Ссылка на старый сайт