О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
Алматы аймақтық көпсалалы клиникада 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының амбулаторлық емханалық қызметіне жүгінгендер саны 2018 жылмен салыстырғанда  1,4% — ға артып,  26711 адамды (26326-2018жыл) құрады.

2019 жылдың 12 айында тәуліктік стационарда 4243 адам, (3648 — 2018 жыл) күндізгі стационарда 1942 адам емделді. (1822-2018 жыл).

2019 жылы 800 адам компьютерлік томографияға және 253 адам магниторезонанстық томографияға жіберілді.

Алматы облысының оңтүстік аймағының негізгі көрсеткіштері:

Алматы облысының оңтүстік өңірінде 2019 жылы науқастар саны 8926 құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 453 адамға (8473 науқас) артық.

Аурушаңдық құрылымында сүт безі обыры бірінші орынды алады, екінші орында — өкпе обыры, үшінші орында тері обыры, төртінші орында асқазан обыры, тоқ ішек және жатыр мойны обыры тиісінше 5-6 орында қалды.

Онкологиялық аурудан қайтыс болған науқастардың жалпы саны 703 адамды құрайды.

Өлім құрылымында бірінші орынды өкпе обыры, екінші орынды асқазан обыры, үшінші орынды сүт безі обыры, төртінші орынды бауыр обыры және жатыр мойны обыры 5 орынды иеленді.

Ерте сатыда (0-I сатыда) анықталған науқастардың үлесі 21,2 (21,3-2018ж) құрады, кешенді жоспар бойынша 20,3 құрауы тиіс. 2019 жылы обырды кеш диагностикалау көрсеткіші 14,0 (14,7-2018ж) құрады, кешенді жоспар бойынша 14,3-ке жетуі тиіс.

2019 жылы онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау мақсатында аталған клиника мамандарынан құрылған арнайы топ қаладан алыс орналасқан аудандарға 36 рет барып, тұрғындарды тексеруден өткізді. Облыс тұрғындары үшін клиникада бір жылда 17 рет ашық есік күнін өткізді.

Ссылка на старый сайт