О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
О корупции
Контакты
Горячая линия
+7 (727) 367-49-93
Диспансерде ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде меланома және тері ауруларының алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті.

Меланома — терінің қатерлі ісігінің түрі. ДДҰ деректері бойынша, әлемде жыл сайын меланомадан 48 мыңға жуық адам қайтыс болады және бұл көрсеткіштің өсуі байқалады.

Бұл ең көп таралған ісіктердің бірі болғандықтан барлық жастағы адамдарға зардабын тигізе алады. Ол кез-келген терінің үстінде дамиды. Еркектерде меланома денеде (иықтан бөксеге дейін) немесе бас және мойнында жиі кездесіп жатады. Әйелдерде ол көбінесе аяқтың төменгі бөліктерінде орналасады. Меланома қара торы келген адамдарда жиі кездеседі. Оларда дамыған жағдайда аяқ пен қол саусақтарында немесе алақанның астында, не болмаса, табанға шығады.

Диспансерде өткен ашық есік күні 46 адам дәрігерлер тексеруінен өтті. 7 адамнан ауру белгілері байқалып, толық тексерілуге жіберілді.

Ссылка на старый сайт