Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінің мамандары тұрғындардың жұмыс уақытын ескере отырып, ашық есік күнін сенбі күні өткізді. Денсаулығына алаңдаушылық танытқан 47 облыс тұрғыны онколог дәрігерлердің тексеруінен өтті. Олардың ішінде 2 адамға рак диагнозы қойылса, 1 адамнан қатерлі дерттің белгілері анықталды.
Қатерлі ісікті емдеудің үш түрлі жолы бар. Оның біріншісі – ота жасау, екіншісі – түрлі сәулелермен емдеу, үшінші – химиялық жолмен емдеу.
Қатерлі ісіктің алдын алу жолдары:
• Үнемі бір түрдегі азықтарды пайдаланбау;
• Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән беру;
• Аса тоя тамақ жемеу;
• Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу. Өйткені сыраның құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан, асқазандағы көмірқышқылының мөлшерін одан әрі арттырып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.
• Темекіні шектен тыс, тіпті мүлдем тартпау;
• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды жемеу;
• Шектен тыс шаршамау;
• Көңіл күйді көтеріңкі ұстау;
• Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;
• Еңбек ету мен демалу тәртібін сақтаңыз;
• Дене шынықтыру белсенділігін арттырыңыз.